Астана қ. бойынша Салық департаменті қала тұрғындары,дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшыларына үстіміздегі жылдың соңына дейін салықтар, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу қажеттігін еске салады. Борышкерлер туралы ақпарат WWW.ASTANANALOG.KZ сайтында.     //     Астана қ. бойынша Салық департаменті алкоголь өнімін бөлшектеп сатушыларға салық салу объектісінің орналасу орнындағы салық органында іс-әрекеттің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебіне тұру қажеттігі туралы хабарлайды. Анықтама телефондары: +7 (7172) 77-32-02, 77-32-69.     //     Құрметті салық төлеушілер! Астана қ. бойынша СД салық органдарынан алынған криптографиялық кілттердің әрекет ету мерзіміне назар аударуларыңызды сұрайды.     //    Астана тұрғындарының назарыны! Астана қ. бойынша Салық департаменті 2011 жылы жеке тұлғаларға салынатын мулік салығы мен жер салығына хабаралнадыруларды үлестіру жұмыстарының аяқталғанын хабардар етеді. Хабарландыру алмаған жағдайында келесі телефондарға хабарласуыңызды  сұраймыз: 77 31 21 , 77 32 49, 77 32 68.   //   СЕӨЖ және Салық төлеуші кабинетінің жұмысына байланысты сұрақтар бойынша sonosd@mgd.kz қолдау қызметі электрондық адресіне, басқа АЖ жұмысына байланысты - sds@mgd.kz электрондық адресіне сұрау жасау қажет.  //  Астана қ. бойынша Салық департаменті 01.01.2013 жылдан бастап бұрынғы СТН орнына жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлері қолданысқа енетінін хабарлайды. Жеке тұлғалар өздерінің сәйкестендіру нөмірлерінің дұрыстығын және бар-жоғын салық органдарының дерек қорынан мына іздecmipy қызметінің көмегіменн тексере алады: www.salyk.kz/ru/Pages/findtaxpayers.aspx немесе www.astananalog.kz. Алшақтық табылған жағдайда тұрғылықты мекен-жай бойытша салық органына бару қажет.  //  Астана қаласы бойынша Салық департаменті электронды салық төлеушілер үшін хабарлайды: 2011 жылдың 3 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша камералдық бақылау бойынша хабарлама Салық төлеуші кабинетіне электронды түрде жіберілді.Анықтама үшін тел. 375471,773275,678141.   //   Құрметті салық төлеушілер!  Астана қаласы бойынша салық департаменті, «Электрондық түрде салық есептілігін тапсыру бастамалары» тақырыбына салық төлеушілер үшін оқу семинарларын жүргізеді.   Жүргізу орны мен уақыты: Алматы ауданы бойынша салық басқармасы, Жұбанова көшесі 16, каб. 208, апта сайын бейсенбі күндері сағат 17.00.  Ақпарат w.w.w. astananalog. kz сайтында орналасқан (анықтама үшін тел.77-31-11). Салық төлеушілерді алдын ала тіркеу келесі телефондар бойынша жүргізіледі: 77-32-33, 77-33-09.  //  Құрметті салық төлеушілер! Астана қ. бойынша Салық департаменті www.astananalog.kz сайтында Астана қ. салықтық берешегі бар салық төлеушілер тізімін жариялады. Салықтық берешекті қысқа мерзімде өтеуіңізді сұраймыз.    //   Құрметті салық төлеушілер! Енді Астана қаласындағы мүлік пен жер салығы бойынша берешек туралы автоматты түрде (7172) 55-66-55 телефонына соғып біле аласыз. Берешектеріңізді қысқа уақытта өтеулеріңізді сұраймыз.

Салық төлеушіге көмек




Дара кәсіпкерлікті және заңды тұлғаны жабу

Резидент-заңды тұлға мен іс-әрекетін тұрақты мекеме арқылы жүргізетін
бейрезидент-заңды тұлғаның жабылу тәртібі туралы
ЖАДНАМА

      1. Резидент-заңды тұлға жабылу туралы шешім қабылдағаннан кейін бұл туралы орналасу орны бойынша салық органына 3 жұмыс күнінің ішінде  жазбаша түрде хабарлайды.
      2. Азаматтық кодекстің 50-бабына сәйкес, салық төлеуші орталық әділет органының ресми баспа жарияланымы «Юридическая газета» немесе «Заңда» заңды тұлғаның жабылуы, сондай-ақ кредиторларының өзіне айып тағу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты жариялауға тиіс.
      3. Жабылушы заңды тұлғаның аралық жабылу балансы бекітілгеннен кейін салық төлеуші 3 жұмыс күні ішінде салық органына келесі құжаттарды жинап тапсырады:
  • құжаттық тексеріс жүргізу туралы салықтық өтініш;
  • жабылу салық есептілігі;
  • қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру туралы куәлік;
  • қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару  туралы салықтық өтініш.
      4. Салық органдары құжаттық тексеріс жүргізеді, бұл тексеріс салық органы жабылушы заңды тұлға өтінішін қабылданған соң 20 жұмыс күні ішінде басталуы керек.
      5. Құжаттық тексеріс аяқталып, салықтар, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелінген соң жабылушы заңды тұлға салық органына төмендегілерді тапсырады:
      1) жабылу балансы;
      2) банк шоттарының жабылуы туралы банк анықтамасы.
      6. Салық төлеуші аталған жаднаманың 5-пунктінде көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін салық органынан 5 жұмыс күні ішінде берешектің болмауы туралы анықтама алады.
      7. «Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі мен филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелуі туралы» Заңның 16-бабына сәйкес, берешектің болмауы туралы анықтама басқа құжаттар сыртында әділет органдарына берілетін жабылуды тіркеу туралы өтінішке қоса беріледі.
      8. Заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріне жазба түскеннен кейін ғана заңда тұлғаның жабылуы аяқталған, ал заңды тұлға іс жүзінжде жоқ болып саналада.

Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың салық
қызметін тоқтататын міндеттемесін орындау туралы
Жаднама

Дара кәсіпкер.
      1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
  • құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
  • таратудың салық есептілігін;
  • дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
  • қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда);
  • дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;
  • қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда).
Жекеше нотариус, адвокат
      2. Жекеше нотариус, адвокат нотариаттық, адвокаттық қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
  • құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
  • таратудың салық есептілігін;
  • жекеше нотариустың, адвокаттың қызметін тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
      3. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.
      4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің, жекеше нотариустің, адвокаттың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
      6. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің, жекеше нотариустің, адвокаттың салық міндеттемесі салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.
      7. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:
банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
ішкі істер органының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті.
      8.  Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің, жекеше нотариустің, адвокаттың салық міндеттемесі салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі және органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
      9. Осы жаднама ережелері патент және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды (қосылған құн салығын  төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерді есепке алмағанда).


Патент, оңайлатылған декларация негізінде АСР-мін қолданатын дара
кәсіпкер қызметін тоқтату туралы міндеттемесін орындау
Жаднама

      1. Патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде табыс етеді (қосылған құн салығын  төлеушілер болып табыламайтын Салық кодексінің 46- бабында  белгіленген мерзім (5 жыл) ішінде не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап патент және (немесе) оңайлатылған декларация негізінде салық режимін үздіксіз пайдаланатын дара кәсіпкерлерге қолданылады):
  • қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
  • таратудың салық есептілігін;
  • дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
  • дара кәсіпкердің қызметін тоқтатуы туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
      2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.
      3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      4. Салық органы салық төлеушінің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәліметтерді табыс ету туралы сауалды жіберуге міндетті:
  • уәкілетті мемлекеттік органдарға;
  • кеден органдарына;
  • банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға.
      5. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.
Қорытындыда камералдық бақылау нәтижелері, оның барысында анықталған бұзушылықтар көрсетіледі. Анықталған бұзушылықтар туралы деректер көрсетілген қорытындының негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге жолданады.     
      6. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін салық есептілігін ұсынады.
Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Бұл ретте салық төлеуші салық қызметі органдарына осы тармақта көрсетілген түсініктемеге қоса салық есептілігінде көр-сетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
      7. Дара кәсіпкердің қызметі келесі шарттары орындалған кезде тоқтатылған болып есептеледі:
  • камералдық бақылаудың аяқталуы, бұл ретте (Салық Кодекстің 587-бабына) көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады аяқталған күні сәйкес айқындалатын;
  • камералдық бақылау нәтижес1нде анықталған бұзушылықтарды жою;
  • салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ болу
      8. Қызметі тоқтатылған деп есептелетін дара кәсіпкер салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:
  • банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
  • ішкі істер органдарының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті.
Интернет-статистика