Электронды түрдегі есептілік: оңай әрі ыңғайлы
Құрметті салық төлеушілер!
Астана қ. бойынша Салық департаменті Терминалдарда кезекте тұрмауыңыз үшін әрі Сізге оңтайлы жағдай жасау мақсатында, елорданың келесі интернет клубтары мен кафелерінде «Салық төлеуші кабинеті» арқылы салық есептілігін жіберуге болатынын хабарлайды:

| № р/с | Клуб атауы | Объектінің нақты мекен-жайы |
Басшының байланыс телефондары (ұялы тел., қал.тел.) |
| 1 | Интернет кафе | Жұмабаев көш. 16/1, «Факультет» ТҮК | 36-38-07 |
| 2 | Интернет кафе | Бейбітшілік көш.62 | 31-11-56 |
| 3 | Интернет кафе | Бейбітшілік көш.34 | 31-71-59 |
| 4 | «Flash NET» интернет кафесі |
Достық көш.9 | 31-72-64 |
| 5 | Интернет кафе | Бейбітшілік көш.62/1 | 39-77-49, 22-89-95 |
| 6 | «Game» интернет кафесі | «Азамат» дүкені, Республика д-лы. 48/1 | 39-57-89 |
| 7 | «Галактика» интернет кафесі | Есенберлин көш.38 | 39-79-78 |
| 8 | «Планета» интернет кафесі | Есенберлин көш.16 | 38-51-61 |
| 9 | Интернет кафе | Біржан Сал көш.3 | 54-69-53 |
«Электронды» салық төлеуші ретінде қалай тіркелуге болады?
Салық төлеушілердің «электронды салық төлеуші» ретінде тіркелуі – бұл салық төлеушіге электронды-сандық қолтаңба беру, оны жою мен ауыстыру бойынша көрсетілетін салық органдарының қызметі. Салық төлеушілерге «электронды салық төлеуші» ретінде тіркеу қызметін көрсету Қазақстан Республикасының «Салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 572-573 баптары негізінде жүргізіледі.
«Электронды» салық төлеуші – бұл салық органы берген электронды-сандық қолтаңбасы бар салық төлеуші. Электронды-сандық қолтаңба электронды ақпарат тасушыға жазылады.
Электронды-сандық қолтаңба дегеніміз электронды құжаттың шынайылығын, оның нақты жеке не заңды тұлғаға меншіктілігін, сондай-ақ құжат мазмұнының тұрақтылығын растаушы электронды-сандық қолтаңба құралдары көмегімен жасалған сандық символдар жиынтығы.
«Электронды» салық төлеуші болып ҚР салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кез келген жеке не заңды тұлға тіркеле алады.
«Электронды» салық төлеуші ретінде тіркелу үшін (Салық кодексінің 572-бабына сәйкес) салық төлеушінің орналасу орны не тұрғылықты орны бойынша салық органына электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтінішті (ҚР ҚМ 30.12.2008 жылғы № 634 бұрығының 21 Қосымшасы) қолма-қол апарып тапсыру керек. Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтініш тапсыру салық төлеушінің хабарламалардың жеткізілуіне кепіл болатын байланыстың электронды жолдары арқылы электронды құжат алмасуға, бұның ішінде Салық кодексімен қарастырылған салық қызметі органдарының хабрламаларын алуға да келісім беру болып табылады. Тіркеу туралы өтініш орналасу (тұрғылықты) орны бойынша салық органының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына екі данада тапсырылады. Өтініштің қабылданғаны туралы белгі соғылған данасы Сізге қайтарылады, ал екіншісі ары қарай өңделу үшін салық органында қалады. Тіркеу туралы өтініш бланкілерін салық органдарында тегін алуға болады немесе www.salyk.kz web-сайтынан басып шығаруға болады.
«Электронды» салық төлеуші ретінде тіркеуден өту кезінде электронды салық төлеушіні тіркеу есебіне тұрғызу туралы салықтық өтініш қабылданған соң үш жұмыс күні ішінде:
- Сізбен электронды құжаттармен алмасу кезінде электронды-сандық қолтаңбаны пайдалану мен мойындау туралы келісім жасалады (30.12.2008 жылғы № 637 Қосымша 27);
- Сізге электронды-сандық қолтаңбаны құрайтын электронды ақпарат тасығышқа (floppy диск, СD-диск, flash карта) жазылған криптографиялық кілт беріледі.
Келісім екі данада жасалады – бір данасы Сізге беріледі, екіншісі салық органында қалады.
Келісім ерікті негізде жасалып, салық төлеушінің өтінішінсіз бір жақты тәртіпте жасалуы мүмкін емес.
Келесі жағдайларда электронды-сандық қолтаңбаны жою немесе ауыстыру туралы электронды салық төлеуші өтінішін орналасу орныңыз не тұрғылықты орныңыз бойынша салық органына беруге құқылысыз:
- электронды-сандық қолтаңбаны қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
- тіркеу куәлігі мерзімінің аяқталуы;
- электронды-сандық қолтаңба орналастырылған кілт контейнері бар электронды ақпарат тасығышты жоғалту;
- кілт контейнері бар электронды ақпарат тасығышты істен шығарған ақаулардың пайда болуы.
Салық органы электронды-сандық қолтаңбаны жою немесе ауыстыруды электронды салық төлеуші электронды-сандық қолтаңба орналастырылған кілт контейнерінен бас тарту немесе оны ауыстыру туралы өтініш (ҚР ҚМ 30.12.2008 жылғы № 634 бұйрығының 21 Қосымшасы) берген соң бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық есетілгін электронды түрде тапсырудың негізгі басым тұстары
Ақпараттық технологиялардың дамуы, интернет мүмкіндіктерін пайдаланудың кеңеюі ұсынылатын электронды қызметтердің, соның ішінде салық саласындағы қызметтердің де арнасын үнемі кеңейтіп отыруға ықпал жасауда. Бұл, ең алдымен, салық есептілігін өңдеу жүйесінің (СОНО) енгізілуімен, «Электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталының, сондай-ақ Астана қ. бойынша Салық департаментінің www.astananalog.kz сайтының жұмыс істеуімен байланысты.
Мыңдаған салық төлеушілер декларацияларды қағаз түрінде тапсырудың дәстүрлі формасынан бас тартып, «электронды» салық төлеушілер қатарына өтіп, қазіргі ақпараттық технологиялардың сөзсіз басымдықтары барына көз жеткізіп үлгірді. Осыған орай барлық салық төлеушілерді электронды жолға өтуге асығуға шақырамыз.
Виртуалды «Салық төлеуші кабинеті» арқылы Интернет көмегімен декларацияларды электронды түрде тапсырудың оң тұстары айқын. Ең алдымен, бұл – салық органына келмей-ақ декларацияларды компьютер арқылы тәуліктің кез келген уақытында, тіпті демалыс күндері мен мереке күндерінде де тапсыру мүмкіндігі, құжаттардың дұрыстығына кепіл болу, салық бланкілерінің жылдам жағырытылуы, қағаз жеткізгіште көшірме жасап, оны сақтаудың қажет еместігі, қағаз күйіндегі есептілікті сақтап, архив жасау қажеттігінің болмауы, бланкілерді атып алуға қаражат шығындамау. Былайша айтқанда, «электронды» салық төлеушілер салық органының жұмыс режиміне тәуелді емес. Интернетке шыға алатын әр салық төлеуші ҚР ҚМ Салық комитетінің порталында рұқсат берілмеегн қол сұғудан қорғалған жеке бөлім аша алады. Сіз интернет арқылы өз виртуалды кабинетіңізге қосылып, кейін салық органында өңделу үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде толтырып тапсырасыз. «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасы интернетті ғана қолдана отырып, салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жерден көптеген қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді, дәлірек айтсақ:
салық есептілігі нысандарын дайындау мен тапсыру;
хабарламалар алу;
өңдеу сатыларын қарап шығу;
бұрын тапсырылған салық есептілігі нысандарын іздеу мен қарап шығу;
салықтар, басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдарды есепке алу мен қайтару туралы салықтық өтініш беру;
салықтық бершектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы және (немесе) болуына қатысты ақпарат алу туралы салықтық өтініш беру;
салық төлеушінің таратылуына байланысты құжаттық тексеріс жүргізу туралы салықтық өтініш беру;
салықтық тексеріс нәтижелеріне шағым беру режимі (берілген шағымның қаралу сатыларын бақылау);
мүлік салығы мен жер салығының сомалары туралы хабарламалар;
тіркелген салық салу объектілері туралы ақпарат алу;
камералды бақылау нәтижелері туралы хабарламалар;
электронды құжаттар түріндегі салық есептілігі нысандарының импорт/экспорты;
жеке тіркеу мәліметтерін қарап шығу;
дербес шоттарды қарап шығу, салыстыру актілерін алу, дербес шоттан көшірім алу;
Кеден одағы шеңберіндегі салық есептілігін тапсыру (320, 328);
алкоголь өнімдерін жіберу бойынша ілеспе жүкқұжаттарды есепе алу және т.б.
«Салық төлеуші кабинетінде» жұмыс істеу үшін криптографиялық кілт керек, ол ҚР ҚМ Салық комитетінің куәландырушы орталығымен беріледі. «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасына www.cabinet.salyk.kz мекен-жайы бойынша кіруге болады, «Салық төлеуші кабинеті» интерфейсінің ыңғалы көмек көрсету жүйесі бар, онда қызметтерді қолданудың мәтін форматында да, видеоформатта да анық көрсетілген нұсқаулығы бар.
Дәл осылайша салық есептілігі нысандарын тапсыру бойынша қызмет көрсететін «Салық төлеуші терминалдары» әр аудандық салықтық басқармада жұмыс істейді. Сұрақтар пайда болған жағдайда, салық инспекторлары кеңес беріп көмек көрсетеді. Әрі бұл қызметтер тегін көрсетіледі, бұл да аса маңызды тұстардың бірі. Аталған айқын басымдықтардың сыртында салық төлеушілер салық есептілігінің қабылдануы мен өңделуі туралы ақпаратты, яғни электронды поштамен жіберілген хаттың жеткізілуі туралы хабарлама алады. Хабарламада салық есептілігінің тапсырылу және өңделу күні, салық төлеушінің дербес шотына түсетін автоматты есептемелер туралы ақпарат, оның сомасы, бюджеттік топтастырылу коды жазылады. Есептілікті электронды жолмен жіберетін ақпараттық жүйе ақпараттың заңсыз қол сұғудан қорғалуына, жеткізілуіне және жеткізілген мәліметтердің өзгертілмейтіндігіне кепіл болатыны да маңызды жайыт болып табылады. Электронды қызметтерді пайдалана отырып, Сіз өзіңізді салық басқармасына қосымша барудан арылтасыз әрі біраз уақытты үнемдеп, сервистермен жұмыс істеу дағдыларына ие боласыз.