Сізде Астана қаласының Салық органында тіркелген ЖСН/БСН бар ма?
Құрметті астана тұрғындары!
Құрметті астана тұрғындары! 01.01.2012ж. бастап Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы СТН және ӘЖК орнына жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) қолданысқа енеді. Жеке тұлғалар өздерінің сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) бар-жоғын салық органдарының дерек қорынан мына іздестіру қызметінің көмегімен тексере алады: www.salyk.kz/ru/Pages/findtaxpayers.aspx.
www.astananalog.kz сайтында БСАЖ АЖ деректері бойынша ЖСН жоқ салық төлеушілер тізімі орналастырылған. Алшақтық табылған жағдайда салыстырып тексеруді жүргізу және алшақтықты жою үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша салық органына хабарласу қажет.
Астана қ. аудандық Салық басқармаларының мекен-жайлары:
Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы – Жұбанов көшесі,16;
Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы – Республика даңғылы, 52;
Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы – Тұран көшесі, 19/1;
Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы – Жұбанов көшесі,16;
Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы – Республика даңғылы, 52;
Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы – Тұран көшесі, 19/1;
Келесі құжаттарды ұсыну қажет: тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге салықтөлеушінің салықтық өтінімі; жеке куәлік құжатының көшермесі.
Астана қаласы бойынша Салық департаменті
























