Салық төлеушіге көмек » Заңды тұлғалар » Таратуға байланысты тіркеу есебінен шығарылу тәртібі
Тарату сатысында мемлекеттік тіркелімнен шығарылған жағдайда
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:
1) Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелімнен шығарылған жағдайда - бизнес–сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда – қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.