Салық төлеушіге көмек » Жалпы ақпарат » Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің Хартиясы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
Төрағасының 2006 жылғы
«29» 09 № 472
бұйрығымен бекітілген
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
Төрағасының 2006 жылғы
«29» 09 № 472
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің Хартиясы
Осы құжат Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген салық міндеттемелерін орындауы кезінде құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Құрметті салық төлеуші!
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.

Мемлекет пен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету салық қызметі органдарының міндеті болып табылады.
Сіздің салық міндеттемелерін орындауыңыз кезінде салық қызметі органы лауазымды тұлғасының тарапынан кемсітушілікке және өкілеттіліктерін асыра пайдалануға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Сіздің ие және Сіз, егер сіз салық қызметі органдары тарыпының заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) ұшыраған жағдайда сілтеме жасауға құқығыңыз бар құқықтарыңызға баса назар аударамыз:
1. Салық қызметі органдарының тарапынан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
2. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.
3. Сіз салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға жеке өзіңіз, заңды немесе уәкiлеттi өкiлiңіз арқылы қатысуға құқылысыз. Сіздің өкіліңіздің салық заңнамасымен реттелетін Сіздің атыңыздан жасаған әрекеті (әрекетсіздігі) Сіздің әрекетіңіз (әрекетсіздігіңіз) болып танылады.
4.Сіз салық қызметі органдарынан қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы ақпарат, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ салық есептілігі нысандарын толтыруды түсіндірулер, нормативтік құқықтық актілерді сақтау, салық міндеттемесін орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылысыз.
5. Салық қызметі органдары өзінің міндеттемелерін жүзеге асыру кезінде Сізбен сыпайы, әдепті болуға және өзара сыйластық қағидаттарын басшылыққа алуға міндетті.
6. Салық қызметі органдарының Сізден Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделмеген қандай да бір талаптарды орындауды талап етуге құқығы жоқ.
7. Сіз салық қызметі органдарына салық салуға қатысты емес ақпараттар мен құжаттарды бермеуге құқылысыз.
8. Сіз өзіңізге қатысты мәліметтер жөнінде салық қызметі органдарынан салық құпиясын сақтауды талап етуге құқылысыз. Салық қызметі органдары Сізге қатысты ақпараттарды тек ерекше жағдайларда және қатаң заң шеңберінде ғана құқығы бар.
9. Төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімақы есептеуді, және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қоспағанда, салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданғанға дейін салық органдары Сізді бұл туралы тиісті хабарландыру жіберу арқылы ақпараттандыруға міндетті.
10. Егер Сіздің дербес шотыңызда артық төлеу есептелген болса, Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі ішінде салық органына салықтың басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеуге есепке жатқызу мен артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын өзінің банк шотына қайтару жүргізуге өтініш беруге құқылысыз.
11. Сіз салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеу мерзімін белгіленген тәртіпте анағұрлым кеш, бірақ күнтізбелік жылдың 10 айынан артық емес мерзімге ауыстыруға құқылысыз бар. Бұл ретте салықтарды төлеу мерзімін ауыстыру салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімақы төлеуден босатпайды.
12. Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ салық тексеруі актілері бойынша хабарландыруға, хабарландыруға шағымдарды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органы шығарған шешімге, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым жасауға құқығыңыз бар.
13. Сіз салық қызметі органдарынан ұсынылған жүгінулерді, шағымдарды, өтініштерді, соның ішінде тіркеу және анықтамалық сипаттағы құжаттарды алу үшін өтініштерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарауды талап етуге құқылысыз.
14. Салық қызметі органы Сізді күмәнді мәмілелерден сақтандыру мақсатында Сізге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Web-сайтында салық органдарында тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілердің; Қазақстан Республикасы Салық төлеушілердің Мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарып тасталғандардың; сотпен жалған кәсіпкерлік деп танылғандардың; қосылған құн салығын төлеушілердің тізімін береді.
15. Барлық салық қызметі органдарында «сенім» телефондары жұмыс істейді, салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында шағым кітабы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.salyk.kz адресі бойынша электрондық шағым кітабы жұмыс істейді, онда Сіз салық қызметі органдарының қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасай аласыз, сонымен қатар салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері туралы, Сізге белгілі болған салық заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлай аласыз.
16. Сізде салық тексеруін жүргізбес бұрын салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары қызметтік куәлігін көрсетуге және салық заңнамасына сәйкес ресімделген, салық қызметі органының бірінші басшысы немесе оның орнын ауыстыратын тұлға қол қойған, елтаңбалық мөрмен расталған осы тексеруді жүргізуге нұсқаулықты табыс етуге міндетті.
17. Сіз салық есептілігін өз қалауыңыз бойынша табыс етуге құқылысыз: келу тәртібі бойынша, хабарландырумен бірге тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе электронды түрде.
18. Сіз салық декларациясына және (немесе) есепке қосымша декларация және (немесе) салық кезеңі үшін есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылысыз. Қосымша декларация мен (немесе) салық тексеруі басталғанға дейінгі есепті табыс ету кезінде Сіз анықтаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары бюджетке айыппұл есептемей енгізуге жатады.
19. Салық бақылауы басталғанға дейін Сіз өз тексеруіңізді шектеусіз пайдалана аласыз.