Салық төлеушіге көмек » Жалпы ақпарат » БКМ-ды қолдану тәртібі
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА!
БКМ-ды қолдану бойынша міндеттер
БКМ-ды қолдану бойынша міндеттер
Қазақстан Республикасы аумағындағы қолма қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде жүзеге асатын қаражат есептемелері міндетті түрде бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізіледі. Аталмыш ереже тек келесі қаржы есептемелеріне қатысты қолданылмайды:
1) жеке нотариалдық қызметті жүзеге асырушы тұлғалардан басқа дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын қаржы есептемелері;
2) (акцизделетін тауарларды сатушылардан басқа) дара кәсіпкерлердің есептемелері:
- шағын бизнес субъектілеріне арнаулы арнайы салықтық тәртіптемелер шеңберіндегі патент негізінде қызметін жүзеге асыратындар;
- шаруа немесе фермерлік шаруашылықтарға арнаулы арнайы салықтық тәртіптемелер шеңберінде қызметін жүзеге асыратындар;
3) көлік саласындағы уәкілетті мелекеттік органмен бекітілген формада билеттерді берумен бірге уәкілетті органмен жасалған келісім бойынша қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету саласында.
Сонымен қатар, қолма қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде жүзеге асатын қаражат есептемелерін жүргізетін сауда автоматтары мен қызметтерді төлеу терминалдары бақылау-кассалық машиналармен жабдықталады, олардың модельдері мемлекеттік тізімдемеге енгізілген.
Бақылау-кассалық машиналарды қолдану барысында келесі талаптар қойылады:
1) бақылау-кассалық машинаны салық органына тіркеу есебіне қою қолма қол ақша арқылы жүретін қаражат есептемелерімен байланысты әрекеттің басталуына дейін жүзеге асырылады;
2) бақылау-кассалық машинаның чегі немесе сауда чегі тауар, жұмыс, қызмет (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-кассалық машиналардан басқа) үшін төленген сомаға беріледі;
3) салық органдарының лауазымды тұлғаларының бақылау-кассалық машиналарды еркін тексере алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған аталмыш баптың бірінші тарауында қарастырылған әрекет (әрекетсіздік) дара кәсіпкерлеге, жеке нотариустар мен лауазымды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленетін айыппұлдың салынуына әкеледі (2010ж.1 413 тг. * 30 АЕК=42 390 тг.).
Кассалық аппараттың болмауы мен БКМ чегінің берілмеу жағдайында Астана қ. салық органдарының сенім телефондарына хабарласуыңызды немесе келесі мекен-жайларға шағым хаттар жіберулеріңізді сұраймыз:
1) жеке нотариалдық қызметті жүзеге асырушы тұлғалардан басқа дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын қаржы есептемелері;
2) (акцизделетін тауарларды сатушылардан басқа) дара кәсіпкерлердің есептемелері:
- шағын бизнес субъектілеріне арнаулы арнайы салықтық тәртіптемелер шеңберіндегі патент негізінде қызметін жүзеге асыратындар;
- шаруа немесе фермерлік шаруашылықтарға арнаулы арнайы салықтық тәртіптемелер шеңберінде қызметін жүзеге асыратындар;
3) көлік саласындағы уәкілетті мелекеттік органмен бекітілген формада билеттерді берумен бірге уәкілетті органмен жасалған келісім бойынша қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету саласында.
Сонымен қатар, қолма қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде жүзеге асатын қаражат есептемелерін жүргізетін сауда автоматтары мен қызметтерді төлеу терминалдары бақылау-кассалық машиналармен жабдықталады, олардың модельдері мемлекеттік тізімдемеге енгізілген.
Бақылау-кассалық машиналарды қолдану барысында келесі талаптар қойылады:
1) бақылау-кассалық машинаны салық органына тіркеу есебіне қою қолма қол ақша арқылы жүретін қаражат есептемелерімен байланысты әрекеттің басталуына дейін жүзеге асырылады;
2) бақылау-кассалық машинаның чегі немесе сауда чегі тауар, жұмыс, қызмет (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-кассалық машиналардан басқа) үшін төленген сомаға беріледі;
3) салық органдарының лауазымды тұлғаларының бақылау-кассалық машиналарды еркін тексере алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
БКМ-ды қолдану тәрітібін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту
Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен бекітілген бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу дара кәсіпкерлеге, жеке нотариустар мен лауазымды тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленетін айыппұлдың салынуына әкеп соғады (2010ж. 1 413тг.* 15 АЕК=21 195 тг.).Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған аталмыш баптың бірінші тарауында қарастырылған әрекет (әрекетсіздік) дара кәсіпкерлеге, жеке нотариустар мен лауазымды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленетін айыппұлдың салынуына әкеледі (2010ж.1 413 тг. * 30 АЕК=42 390 тг.).
Кассалық аппараттың болмауы мен БКМ чегінің берілмеу жағдайында Астана қ. салық органдарының сенім телефондарына хабарласуыңызды немесе келесі мекен-жайларға шағым хаттар жіберулеріңізді сұраймыз:
| Салық органы | Сенім телефоны | Заңды мекен-жайы |
| Астана қ. бойынша Салық департаменті | 77-31-90 | Республика д-лы, 52 (5-қабат) |
| Астана қ. Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы |
37-68-03 |
Жұбанов көш., 16 (Абай д-лы) |
| Астана қ. Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы |
77-32-25 |
Республика д-лы, 52 (2-қабат) |
| Астана қ. Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы |
67-81-31 |
Тұран д-лы, 19/1 |
Дара кәсіпкерлер бойынша салық салу, салық есептілігін құрастыру мен тапсыру бойынша сұрақтарға қатысты 58-09-09 нөміріне Call-орталыққа хабарласу керек.
Сонымен бірге Астана қ. бойынша Салық департаменті жауапкершілікке тартылмас үшін салықтар, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің өтелу қажеттігі туралы хабардар етеді. Тізімдер www.astananalog.kz сайтында жарияланған.