Салық төлеушіге көмек » Жалпы ақпарат » Салықтардың, МЗЖ мен әлеуметтік аударымдардың төленуі
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына судьяның ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.
Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.