Астана қ. бойынша Салық департаменті қала тұрғындары,дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшыларына үстіміздегі жылдың соңына дейін салықтар, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу қажеттігін еске салады. Борышкерлер туралы ақпарат WWW.ASTANANALOG.KZ сайтында.     //     Астана қ. бойынша Салық департаменті алкоголь өнімін бөлшектеп сатушыларға салық салу объектісінің орналасу орнындағы салық органында іс-әрекеттің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебіне тұру қажеттігі туралы хабарлайды. Анықтама телефондары: +7 (7172) 77-32-02, 77-32-69.     //     Құрметті салық төлеушілер! Астана қ. бойынша СД салық органдарынан алынған криптографиялық кілттердің әрекет ету мерзіміне назар аударуларыңызды сұрайды.     //    Астана тұрғындарының назарыны! Астана қ. бойынша Салық департаменті 2011 жылы жеке тұлғаларға салынатын мулік салығы мен жер салығына хабаралнадыруларды үлестіру жұмыстарының аяқталғанын хабардар етеді. Хабарландыру алмаған жағдайында келесі телефондарға хабарласуыңызды  сұраймыз: 77 31 21 , 77 32 49, 77 32 68.   //   СЕӨЖ және Салық төлеуші кабинетінің жұмысына байланысты сұрақтар бойынша sonosd@mgd.kz қолдау қызметі электрондық адресіне, басқа АЖ жұмысына байланысты - sds@mgd.kz электрондық адресіне сұрау жасау қажет.  //  Астана қ. бойынша Салық департаменті 01.01.2013 жылдан бастап бұрынғы СТН орнына жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлері қолданысқа енетінін хабарлайды. Жеке тұлғалар өздерінің сәйкестендіру нөмірлерінің дұрыстығын және бар-жоғын салық органдарының дерек қорынан мына іздecmipy қызметінің көмегіменн тексере алады: www.salyk.kz/ru/Pages/findtaxpayers.aspx немесе www.astananalog.kz. Алшақтық табылған жағдайда тұрғылықты мекен-жай бойытша салық органына бару қажет.  //  Астана қаласы бойынша Салық департаменті электронды салық төлеушілер үшін хабарлайды: 2011 жылдың 3 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша камералдық бақылау бойынша хабарлама Салық төлеуші кабинетіне электронды түрде жіберілді.Анықтама үшін тел. 375471,773275,678141.   //   Құрметті салық төлеушілер!  Астана қаласы бойынша салық департаменті, «Электрондық түрде салық есептілігін тапсыру бастамалары» тақырыбына салық төлеушілер үшін оқу семинарларын жүргізеді.   Жүргізу орны мен уақыты: Алматы ауданы бойынша салық басқармасы, Жұбанова көшесі 16, каб. 208, апта сайын бейсенбі күндері сағат 17.00.  Ақпарат w.w.w. astananalog. kz сайтында орналасқан (анықтама үшін тел.77-31-11). Салық төлеушілерді алдын ала тіркеу келесі телефондар бойынша жүргізіледі: 77-32-33, 77-33-09.  //  Құрметті салық төлеушілер! Астана қ. бойынша Салық департаменті www.astananalog.kz сайтында Астана қ. салықтық берешегі бар салық төлеушілер тізімін жариялады. Салықтық берешекті қысқа мерзімде өтеуіңізді сұраймыз.    //   Құрметті салық төлеушілер! Енді Астана қаласындағы мүлік пен жер салығы бойынша берешек туралы автоматты түрде (7172) 55-66-55 телефонына соғып біле аласыз. Берешектеріңізді қысқа уақытта өтеулеріңізді сұраймыз.

Салық төлеушіге көмек




Салық төлеушіге көмек » Жалпы ақпарат » Салықтық тексеріс жүргізу кезіндегі салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

Салықтық тексерістің жүргізілу барысындағы салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

 
Салық төлеушілердің құқықтары:
      1. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
      2. Сіз салық заңнамаларымен реттелетін қатынастарға жеке, заңды немесе уәкілетті өкіліңіз арқылы қатысуға құқылысыз. Салық заңнамаларымен реттелетін қатынастарда Сіздің атыңыздан жасаған әрекеті (әрекетсіздігі) Сіздің әрекетіңіз (әрекетсіздігіңіз) деп танылады.
      3. Салық қызметі органы өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде Сізбен сыпайы, әдепті болуға және өзара сыйластық принципін басшылыққа алуға міндетті.
      4. Салық қызметі органының Сізден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделмеген қандай да бір талаптарды орындауды талап етуге құқығы жоқ.
      5. Сіз салық қызметі органына салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылысыз.
      6. Сіздің салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетін (әрекетсіздігіне), сондай-ақ салық тексеруі актілері бойынша хабарламаны, хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша жоғары тұрған салық қызметі органының шешімдерін, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
      7. Салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары салық тексеруін бастаудың алдында Сізге қызметтік куәлігін көрсетуге және салық заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, салық қызметі органының басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қойған, гербті мөрімен куәландырылған осы тексеруді жүргізуге нұсқаманы ұсынуға тиіс.
 
 
Салық төлеушілердің міндеттері:
      1. Анықталған салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы салық қызметі органдарының заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде заңды қызметіне бөгет жасамауға;
      2. Нұсқама негізінде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларын салық объектісі және салық салуға байланысты объекті болып табылатын мүліктерді тексеруге жіберуге міндетті.
      Салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық белгілер көзделген қызметкердің әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы салық органының басқарушысына, Астана қ, бойынша салық органындаға 77-31-90 «сенім» телефоны арқылы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіндегі 71-79-63 телефоны арқылы, call-e-tax@mgd.kz электрондық шағым кітабы арқылы хабарлай аласыз.
      Бұл ретте салық органының басшылығы Сіздің кез-келген жағдаяттар бойынша салық қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан қандай да бір кемсітушілікке және қудалауға түспейтініңізге кепіл болады, сондай-ақ біз тараптан салық қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан жасалған заңсыз әрекеттер (әрекетсіздіктер) жөніндегі сіз берген мәліметтердің толық құпиялылығы қамтамасыз етіледі.
      Одан басқа, Сізден кез келген заңсыз әрекеттердің фактілеріне азаматтық саналылық сақтауыңызды, салық органдарының қызметкерлерін заңсыз әрекет жасауға арандатпауыңызды сұраймыз.
 
Интернет-статистика