Салық төлеушіге көмек » Жеке тұлғалар » ҚР "Сыбайлас жемқорлық туралы" Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалардың табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру тәртібі
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
Заңына сәйкес декларация тапсырылуы жүктелген жеке тұлғалардың
табыс және мүлік салығы туралы декларация тапсыруының тәртібі
Сонымен қатар, декларацияны http://cabinet.salyk.kz мекен-жайы бойынша «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы арқылы электрондық түрде немесе салық төлеушілерге арналған клиенттік қосымшасы салық есептілігін өңдеу жүйесі (СЕӨЖ) арқылы тапсыруға болады.
Интернет болмаған жағдайда әрбір салық басқармасында салық төлеушінің терминалы бар, олардың көмегімен мемлекеттік қызметкерлер өз декларацияларын тапсыра алады.
Декларацияны электрондық түрде табыс ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге электрондық криптографиялық кілт алу қажет. Өз кезегінде Астана қаласы бойынша Салық департаменті сіздің кадрлық қызметіңіз арқылы өтініштерді қабылдау және криптографиялық кілттерді берудің орталықтандырылған көмегін көрсетуге дайын.
Салық есептілігін электрондық түрде табыс етудің бірден бір артықшылығы салық органдарына келмей-ақ салық есептілігін жолдап, қабылданғаны жайында анықтама қағазын алу және салық төлеуші өзіне ыңғайлы уақытта, оның ішінде мереке және демалыс күндері тапсыру, сондай-ақ салық есептілігі құрамының құпиялығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен бірге, декларация нысанының көшірмесін (230.00-нысан) және оны жасау ережесін алу үшін MBegimbetov@astana.mgd.kz. электрондық мекен-жайына сұраныс жолдауларыңызға болады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласа аласыздар:
Астана қаласы бойынша Салық департаменті - 773196
Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы - 678160
Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы - 570164
Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы - 773138

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар, Салық кодексінің 185, 186-баптарына сәйкес 2010 жыл үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны 2011 жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тұрғылықты жері бойынша табыс етуге міндетті.
Жоғарыда аталған тұлғалар салық есептілігін сәйкес салық органдарына 1) өзі келу тәртібімен; 2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы; 3) электрондық түрде таңдауы бойынша тапсыруға құқылы.
Декларация Декларацияның өзінен (230.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01 – 230.03 нысандар) тұрады.
Декларацияны (230.00-нысан) және оған қосымшаларын (230.01 – 230.03 нысандар) толтыру кезінде жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау ережесін басшылыққа алу қажет.
Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып жазуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде, Декларация қосымшасы міндетті түрде толтыруға жатады.
Көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда Декларацияға қосымша жасалмайды.
Декларацияны қағаз жүзінде тапсыруға тілек білдірген тұлғаларға декларацияны (230.00-нысан) және оның қосымшаларын (230.01 – 230.03 нысандар), сондай-ақ 2010 жыл үшін жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау ережесін ҚР ҚМ СК-нің www.salyk.kz ресми сайтынан басып шығаруға, сондай-ақ декларацияны толтыру кезінде көшірме техникасында басып көбейтілген бланкі нысандарын пайдалануға болатынын хабарлаймыз.