Астана қ. бойынша Салық департаменті қала тұрғындары,дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшыларына үстіміздегі жылдың соңына дейін салықтар, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу қажеттігін еске салады. Борышкерлер туралы ақпарат WWW.ASTANANALOG.KZ сайтында.     //     Астана қ. бойынша Салық департаменті алкоголь өнімін бөлшектеп сатушыларға салық салу объектісінің орналасу орнындағы салық органында іс-әрекеттің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебіне тұру қажеттігі туралы хабарлайды. Анықтама телефондары: +7 (7172) 77-32-02, 77-32-69.     //     Құрметті салық төлеушілер! Астана қ. бойынша СД салық органдарынан алынған криптографиялық кілттердің әрекет ету мерзіміне назар аударуларыңызды сұрайды.     //    Астана тұрғындарының назарыны! Астана қ. бойынша Салық департаменті 2011 жылы жеке тұлғаларға салынатын мулік салығы мен жер салығына хабаралнадыруларды үлестіру жұмыстарының аяқталғанын хабардар етеді. Хабарландыру алмаған жағдайында келесі телефондарға хабарласуыңызды  сұраймыз: 77 31 21 , 77 32 49, 77 32 68.   //   СЕӨЖ және Салық төлеуші кабинетінің жұмысына байланысты сұрақтар бойынша sonosd@mgd.kz қолдау қызметі электрондық адресіне, басқа АЖ жұмысына байланысты - sds@mgd.kz электрондық адресіне сұрау жасау қажет.  //  Астана қ. бойынша Салық департаменті 01.01.2013 жылдан бастап бұрынғы СТН орнына жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлері қолданысқа енетінін хабарлайды. Жеке тұлғалар өздерінің сәйкестендіру нөмірлерінің дұрыстығын және бар-жоғын салық органдарының дерек қорынан мына іздecmipy қызметінің көмегіменн тексере алады: www.salyk.kz/ru/Pages/findtaxpayers.aspx немесе www.astananalog.kz. Алшақтық табылған жағдайда тұрғылықты мекен-жай бойытша салық органына бару қажет.  //  Астана қаласы бойынша Салық департаменті электронды салық төлеушілер үшін хабарлайды: 2011 жылдың 3 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша камералдық бақылау бойынша хабарлама Салық төлеуші кабинетіне электронды түрде жіберілді.Анықтама үшін тел. 375471,773275,678141.   //   Құрметті салық төлеушілер!  Астана қаласы бойынша салық департаменті, «Электрондық түрде салық есептілігін тапсыру бастамалары» тақырыбына салық төлеушілер үшін оқу семинарларын жүргізеді.   Жүргізу орны мен уақыты: Алматы ауданы бойынша салық басқармасы, Жұбанова көшесі 16, каб. 208, апта сайын бейсенбі күндері сағат 17.00.  Ақпарат w.w.w. astananalog. kz сайтында орналасқан (анықтама үшін тел.77-31-11). Салық төлеушілерді алдын ала тіркеу келесі телефондар бойынша жүргізіледі: 77-32-33, 77-33-09.  //  Құрметті салық төлеушілер! Астана қ. бойынша Салық департаменті www.astananalog.kz сайтында Астана қ. салықтық берешегі бар салық төлеушілер тізімін жариялады. Салықтық берешекті қысқа мерзімде өтеуіңізді сұраймыз.    //   Құрметті салық төлеушілер! Енді Астана қаласындағы мүлік пен жер салығы бойынша берешек туралы автоматты түрде (7172) 55-66-55 телефонына соғып біле аласыз. Берешектеріңізді қысқа уақытта өтеулеріңізді сұраймыз.

Салық төлеушіге көмек




Салық төлеушіге көмек » Жеке тұлғалар » СТН алу тәртібі

СТН алу тәртібі

      Салық кодексінің  521, 523 баптарына сәйкес жеке тұлғаға салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
      1) Тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтініш;
      2) түпнұсқаның көрсетілуімен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғаға салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру келесі  құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
      1) Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлға ата-анасының (заңды өкілі - асырап алушысының, асыраушысының және қамқоршысының) тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтініші;
      2) түпнұсқаның көрсетілуімен, ата – анасының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) түпнұсқаның көрсетілуімен, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Резидент-банктерде ағымдық шоттар ашатын бейрезиденттер шотты ашқанға дейін банктің орналасқан жері бойынша салық органына келесі құжаттарды тапсыруға міндетті:
      1) Тіркеу есебі тұру туралы салықтық өтініш;
      2) келесі құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері:
      - бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе  бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;
      - мемлекеттік тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетілген бейрезиденттің  инкорпорациялық еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын  құжат;
      - салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) бар болған жағдайда  оның нөмірі көрсетілген, бейрезиденттің инкорпорациялық еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжат.

Құжаттарды қабылдайтын Салық басқармаларының мекен-жайлары: 
      - Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы,  Жұбанов көшесі, 16-үй;
      - Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы,  Республика даңғылы, 52-үй;
      - Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы,  Тұран даңғылы, 19/1-үй.

Ақпаратты қабылдау және өндеу орталығының жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма,  сағат  09-00 - ден  17-00 - ге  дейін (түскі үзіліссіз).
Интернет-статистика